Адасқандар телехикая/Адасrандар телесериал
15.12.2015, 13.59
Уақыт порталы іске қосылып қазіргі заманда өмір сүріп жатқан бірнеше қазақстандықтар бес жүз жыл бұрынғы Қазақ Хандығына өтіп кетеді. Кейіпкерлер өз өмірлеріне үйреніп қалғандықтан, ол жерден қашып шығу үшін талай әрекеттенеді.

Белгілі физик, физика-математика ғылымының докторы Талас Серкебаев уақыт порталын жүзеге асыру үшін бірнеше жылдан бері айналысып келеді. Портал Аралдағы Қарақұм деген жерде болады. Талас сол жерде арнайы аппараттың көмегімен зерттеу жүргізеді.

Түн болады. Ғылыми зерттеу жұмыстары кезінде Таласқа танымал әнші Айдана және оның продюсері Әлішер, оққағары Мұхит кездеседі. Олар Айдананың бейнебаянын түсіреміз деп адасып кетеді.

Айтпақшы, келген қонақтар Таласқа кедергі келтіреді. Айдана және оның қасындағылары үйіне қайта оралуға оқталғанымен, олардың машинасы құмға батып қалады. Мұхит газды қатты басып іске қосуды көздейді.

Осы уақытта Таластың аппараты терең жер астынан пайда болған тербілісті өзіне қабылдап алады. Талас Мұхитқа газды басуын тоқтатуды сұрайды. Әйтпесе машинаның қозғалтқышы жер астындағы қозғалысқа әсер ету мүмкін деген болжам айтады.

Алайда, Мұхит оны естімейді, тіпті тыңдамайды да. Одан сайын газды басады. Таластың айтқаны болып, машинаның қозғалтқышы әсер етіп, жер астынан шұңқыр пайда болады. Сөйтіп, ол шұңқыр Айдананың командасы және Таластың аппаратымен бірге өзге заманға өткізіп жібереді.
Категория: Казахстанское кино | Добавил: admin2kazakh | Теги: телехикая/Адасrандар, телесериал, Адасқандар
Просмотров: 811 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar