Ғашық жігіт телехикая гашык жигит телесериал
18.02.2015, 15.42
Кемең суға батып бара жатқанда, өміріңді сақтап қалғың келіп, кез-келген жағдайды пайдалануға тырысасың. Сол мезетте кімнің саған қол ұшын беріп жатқанын және не болатынын ойламайсың, егер сенің әрекеттерің өзгеретін болса, қорғаушы оны сатқындық ретінде қабылдайды.

Мектептің бетке тұтар оқушысы, Хан Тхэ Сан да жағдайлардың құрбаны болды. Өзінің артынан қомақты қарыз тастап қашып кеткен анасының сатқындығына енді көне бастағанда, осы оқиғаға шыдай алмаған әкесі өмірден озды.

Тар соқпақтан шығу үшін ешқандай жол жоқ сияқты еді. Несие берушілер, тіпті, өзін-өзі қорғай алмай тұрған баланың бүйрегін сатуға немесе жанын алуға даяр еді. Мүмкіндікті жіберіп алмай, осы сәтті тиімді пайдалана отырып, ол тірі қалды және гангстерге айналды.

Өзің жек көріп, көргің келмегеннің бірі болу қиын. Бақытсыздардың шырмауынан шығып, тірі қалу және табысқа жетіп, жаңа өмір бастау... Ол оның жүрегін кездейсоқ жаулап алды. Өз отбасын үлкен ерлікпен және аянбай қорғай отырып, өзі туралы оны есіне салды.

Оның көз алдында қорқыныш та, ашыну да болған жоқ. Ол бәріне дайын еді. Ол жүрегі мен санасын билеп алғанын байқамай, оны жаңа өзгеріске яғни, өмірін өзгерткен қадамға итермеледі.

Ғашық болған ер кісі неге қабілетті? Нендей іс-әрекеттерге бара алады? Тек қана өзінің сүйіктісінің махаббатына қол жеткізсе болғаны.. оны ештеңе де тоқтата алмайды және ол еш нәрседен бас тартпайды...
Категория: Дорама | Добавил: talgat | Теги: Ғашық, Жигит, Телехикая, телесериал, гашык, Жігіт
Просмотров: 1809 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar