Қазақстан дауысы/Казакстан дауысы
29.09.2013, 11.34
Алғаш рет Голландияның «RTL4» телеарнасында «The Voice of Holland» деген атпен жарыққа шыққан шетелдік жобаның «Қазақстан дауысы» деген атаумен Ұлттық арнада тұсауы кесілетін күн жақын.

Бұл жобаның өзіндік ерекшеліктері мен қазақи реңі бар. Мұнда ұлттық әндермен қатар, шетелдік танымал әуендер шырқалады. Қазақ дауысын әлемге танытатын үміткер кез-келген шетелдік өнер додасына сайысқа түсуге қабілетті екенін көрсетуі қажет.

«Қазақстан дауысы» сымбатты, мың бұралған биші, көрікті үміткерді емес, таза дауыс пен табиғи үн іздейді. Мегажобаның негізгі ерекшелігі - осы.

Жоба тәлімгерлері ретінде еліміздің танымал әншілері Нұрлан Албан, Медеу Арынбаев, Мәдина Сәдуақасова және Алмас Кішкенбаев таңдап алынды. Егер жоба барысында қатысушы лайықты өнер көрсете алмаса, үміткерді байқаудан шеттете алады.

Еліміздің барлық аймағынан бақ сынаған 9 мыңнан аса үміткердің 200-ге жуығы ғана таңдалып алынды. Оның ішінде ән әлеміне жаңа қадам басқандармен қатар, сахна тарландары да бар. Олар кімдер? Көрермен көңілін алаңдатқан «Қазақстан дауысы» жобасының тұсаукесері 29-қыркүйек, сағат 21.35-те – Ұлттық арнада!
Категория: Казахстанское кино | Добавил: talgat | Теги: дауысы, Қазақстан, дауысы/Казакстан
Просмотров: 4385 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.0/3
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar