Күн сақшылары телехикая/Кун сакшылары телесериал
29.09.2013, 11.26
Телехикаяның мағынасы - «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар, қалан» деген жолдарға келеді. Бұл ой кафенің астында қазына жасырылған деген метафорадан көрініс тапқан. Яғни әр адам қазынаны шеттен емес, өз ішінен іздеу керек, өзіңнен қашудың қажеті жоқ.
Арлен атты жас жігіт өзін грантқа ілінгендердің тізімінен көруге асығып, университетке қарай алып ұшады. Оның коммерциялық бөлімге түсуге ақшасы жоқ әрі үлкен қалада қамқор болар туыстары да болмайды. Жасына сай қиялшыл Арленнің қаржыгер мамандағына есі ауғаны қашан, тіпті білікті қаржыгер кейпінде болашағына да көз жүгіртіп үлгереді.
Бірақ тағдыр бозбаланың арманының астаң-кестеңін шығарады. Тиісті балды жинай алмаған ол курстастары мінген алып кемеден қалып қойғандай күй кешеді. Енді Арлен еріксіз дәмхана әлеміне тап болады. Кафеге жұмысқа орналасып, ыдыс тасып, азық-түлік тиейді. Ашық мінезді ширақ жігіт ұжымның өміріне етене араласып, сіңісіп кетеді. Уақыт өте келе ол өзі үшін өзгелердің тағдырының есігін ашады...
Категория: Казахстанское кино | Добавил: talgat | Теги: сақшылары, Күн, сакшылары, телесериал, телехикая/Кун
Просмотров: 4402 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.0/3
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar