Олимп шыңы телехикая/Олимп шыны телесериал
14.10.2013, 09.16
«Олимп шыңы» телехикаясының үш ай бұрын «Олимпиадашылар» деген атпен дайындалып жатқандығынан хабардар болған едік.

Отандық олимпиада ойындарының чемпиондары Серік Сәпиев, Ильия Ильин және Александр Винокуровтардың өмірі мен олардың спорттағы жеткен жетістіктері көрсетілетін телехикаяның қызығы көп болмақ. Фильмде түрлі тақырыптар қозғалады. Оның ішінде отбасы тақырыбы да, достық тақырыбы да бар. Сонымен қатар, шәкірт пен бапкер арасындағы қатынас телехикаяға арқау болмақ.

12 сериядан тұратын телехикаяны дүйсенбі мен бейсенбі аралығында Ұлттық арнадан сағат 21.50-де тамашалауға мүмкіндіктеріңіз бар.

Телехикаядағы кейіпкерлердің басты прототиптері Илья Ильин, Александр Винокуров және Серік Сәпиев. Әйткенмен, мұнда олардың тек есімдері ғана сақталады, ал спортшылардың тегі кино авторларының шешімімен өзгертілген. Телехикаяның желісі бойынша, барлық үш спортшы да спорт интернатының оқушылары.

Фильмде Александр Виноградов болып аталатын Винокуровтың прототипі алғашқы жарысында жеңіске жетеді. Ал Серік Сәпиев туралы ойдан шығарылған оқиға бойынша ол көше төбелесінен жарақаттанып, мүгедек болып қалады. Оның қайта аяғынан тұруына әжесі көмектеседі. Продюсердің сөзінше, көпсериалы телехикаядағы оқиғалардың 70 пайызы шындыққа жанасады. Су жаңа фильмнің сценарийін Питер Берман, Оксано Бондаренко және Мария Шеремет жазған.

Боксшы Серік Сәпиевтің рөлін сомдау бақыты «Жау жүрек мың бала» тарихи драмалық кинофильмінде басты рөлдердің бірін ойнаған жас актер Аян Өтепбергеновке бұйырыпты. Ауыр атлетиканың шебері Илья Ильиннің рөлін бодибилдингтен Азия чемпионы атанған Сергей Селишев ойнайды. Ал Александр Винокуров болып неміс театрының дарынды актеры Филипп Волошин өнер көрсетеді.
Категория: Казахстанское кино | Добавил: admin2kazakh | Теги: шыңы, телесериал, шыны, телехикая/Олимп, Олимп
Просмотров: 3236 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 3.0/4
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar