"ҚАЙРАТТЫҢ КӨЗІ КӨРМЕЙДІ ЕКЕН ДЕГЕН СӨЗ ЖАЛҒАН", - ДЕЙДІ АНАСЫ ӘРІ ПРОДЮСЕРІ ГҮЛЗИРА АЙДАРБЕКОВА
05.07.2012, 12.24
Қазақ эстрадасы жұлдыздарының бірі, танымал әнші Қайрат Нұртас жөнінде кейінгі кезде ел ішінде түрлі қауесет әңгімелер өршіп тұр. Бір айтқыштар «Қайраттың көзі көрмей қалыпты», – десе, екіншілері тіпті оның жол апатынан қаза тапқаны жөнінде сөз қылуда. Әдетте жақсының соңынан сөз еретіні бар. Демек, бұл да соның бірі демеске лаж жоқ. Бірақ сонда да мұндай сөздер қайдан шығып жүр? Оған не себеп?
Біз осындай сұрақтарды Қайраттың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбековаға қойған едік.

– Қайраттың көзі көрмейді екен, көзілдірік киіп жүргені содан көрінеді дегенді жиі естиміз. Бұл сөздер рас па?

– Осыдан бес-алты ай бұрын әуе­жайға асығып ба­ра жатқан кезінде жол апаты­на ұшырағаны рас. Апат кезінде оның «Джип» көлігі алты рет аударылған­. Көліктің быт-шы­ты шығып, мүлде жарамсыз күй­ге түсті. Ал Қайрат көлік аударыл­ған кезде қалай екені белгісіз, терезеден­ шығып кетіпті. Әйтеуір, өзі аман. Дегенмен апат салдарынан басына зақым тиді. Миы шай­қал­ған. Содан ба, кейінгі кез­де ұлымда тез ашуланатын мінез қалыптас­ты. Ұмытшақтығы бар. Бірақ көлік апа­­ты­нан соң көзінің айналасында тыртық қалды.

Ұлым соны ел-жұрттан жасыру үшін ғана кө­зіне көзілдірік киіп жүр. Бі­реулердің Қайраттың көзі көр­мейді екен деп жүргендері жалған. Оның кішкентай кезі­нен бері көру қабілеті ойдағыдай.

– Ал қазір денсаулығы жақсы ма?

– Шүкір, жаман емес. Кө­ңіл-күйі жоғары. Жол апатынан соң Қытайға барып оншақты күн емделіп қайтты. Одан кейін Дубайда демалды. Қазір астында «темір тұл­пары» бар, ең соңғы үлгідегі «Мерседес» көлігін мініп жүр.

– Жақында шетелдерде өткен концерттер жөнінде айтсаңыз.

– Ұлым денсаулығы түзелген соң Монғолия, Қытай, Өз­бекстан және Қыр­ғызстанда өнер көрсетті. Монғолияның Баян – Өлгей аймағында 16 күн бойы концерт берді. Қы­тайда да бірнеше күн болып қайттық. Қарақалпақстанда жиналған жұрт стадионға сыймай қалды. Жұрттың ықы­ласы өте жоғары. Мен анасы әрі продюсері ретінде осыған қатты қуанамын.

– Қайратты таяу күндері Мәскеуде концерт береді деп естідік...

– Иә, ол рас. 27-ші мамырда Мәскеуде концерт өтпекші. Оны 7,5 мың адам тамашаламақ. Кеште Қайраттың бұрынғы әндерімен қатар, соңғы кезде жазылған жаңа әндері де орындалады.

– Ал Мәскеуден кейінгі жоспар қандай?

– Осыған дейін талай рет Ақ­тау және Атырау қала­­ла­рындағы тыңдармандардан өтініштер көп түскен еді. Сон­дық­тан Мәскеуден орал­ған­ соң батысқа жол жүр­мекпіз. Алла жазса, маусым айының басында Ақтау мен Атырауда ән кеші өтеді деп отырмыз.

– Қайраттың орындауындағы жаңа әндер жөнінде не айтасыз?

– Соңғы кезде Қайрат төрт-бес ән жаздырды. Бірақ әзірге атын атамай қоя тұра­йын. Сондай-ақ Бақыт Алтай екеуі «Ойлама» атты клипке түсті. Одан кейін «Ол сен емес» атты клип шығарды.

– Ел-жұртты сүйікті ән­шісінің жеке өмірі де қызықтырары сөзсіз. Ұлыңыздың отбасы жөнінде не айтасыз?

– Ол енді айтылмайтын әңгіме... Сондықтан құпия қалды­райық.

– Жақында ғаламтордан Қайрат түскен бір бей­не­роликті көрдік. Шынымызды айтсақ, көріп отырып сенер-сенбесімізді білмедік...

– Сіздің не айтпақ болғаныңызды жақсы түсініп отырмын. Бейнеролик Қайрат Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада және цирк кол­леджі­нің 1-ші курсында оқып жүр­генінде түсірілген. Бірде Серікбол деген досы ұлымның әдейі ашуын келтіріп, неше түрлі ұят сөздер айтуға мәжбүр еткен. Сосын онысын қызық болсын дегендей телефонына түсіріп алған. Бірақ кейіннен неге екенін кім біл­сін, ғаламторға жариялап жі­беріпті. Серікболдың мұн­дағы түпкі себебі қызғаныш екені даусыз. Бұл оның Қайратты елге масқара ету үшін әдейі, қасақана жасаған әре­кеті.

– Қазір екеуінің ара-қатынастары қандай?

– Бүгінде араласпайды. Жаңағы сорақылықтан соң қайтіп аралассын? Қайрат Серікболдан ғаламтордағы бейнероликтің қалай пайда болғаны жөнінде сұраса, анау өзінің қалта телефонын жоғалтып алғанын, сондықтан оны өзге біреулердің қасақана жариялап жіберуі мүмкін екенін айтыпты. Мұнысы енді өтірік, досына әдейі қара күйе жағу мақсатында жасағаны анық көрініп тұр. Шын дос деген осылай ете ме екен?

Мен де Қайратты жақтап тұрғаным жоқ. Бірақ менің ба­лам да пенде, өзгелер се­кілді ашуланады. Жұрт сияқты кезі келгенде түрлі сөздер айтуы да мүмкін. Бірақ турасын айтқанда, кімнің кім еке­нін халық жақсы біледі. Төбеде бір Құдай тұр. Досының мұндай адамгершілікке жат әрекеті ұлымды бәрібір ел-жұртына жексұрын ете алмайды.

...Біз Қайрат Нұртастың жеке өміріне қатысты ғаламтордан деректер іздеген едік. Сонда тапқанымыз мы­нау. Қайрат 1989 жылы 25-ші ақпанда Түркістанда дүниеге келген. Әкесі Нұртас еліміздегі ірі кәсіпкерлердің бірі. Ана­сының есімі продюсер ре­тінде жұртқа жақсы таныс. Әнші ата-анасымен бірге Аста­нада тұрады. Ол отба­сының тұңғышы, өзінен кейінгі Аян, Заң­ғардың ағасы. Ән­шінің Алматыда жеке пәтері бар. Ал 2007 жылы отбасын құрған. Келін­шегінің есімі – Жұлдыз. Екеуі Сезім, Алау және Нарұл атты ұл-қыздардың ата-анасы.
Категория: қазақша ойындар | Добавил: talgat | Теги: СӨЗ, ӘРІ, ДЕГЕН, ЕКЕН, АНАСЫ, ҚАЙРАТТЫҢ, КӨЗІ, КӨРМЕЙДІ, ЖАЛҒАН, ДЕЙДІ
Просмотров: 4112 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar