Ұзақ жол/узак жол/телехикая/телесериал
16.10.2013, 00.11
«Ел арна» телеарнасында жаңа телехикая!

«Ұзақ жол» мелодрамасы бұл телеарнаның жаңа маусымда көрсететін тағы бір жобасы. 16 сериядан тұратын туынды бастан- аяқ шытырман оқиғаға толы.
Амантай мен Жанар туған ауылынан арман қуып қалаға келеді. Бірақ ауылға бауыр басқан олар қаланың қайнаған өміріне үйрене алмай түрлі жайтқа тап болады. Сөйтіп жүргенде бір-бірнен көз жазып, тағдыр олардың өмірін екіге айырады.Телехикаяның екінші бір желісі қос кәсіпкер Мәдина мен Мұсаның қайшылықтарға толы өмірі жайында өрбиді.
Фильмнің продюсерлері - Абай Қарпықов пен оның ұлы Әлмири. Шығармашылық топ жаңа телетоптама көрерменді өмірде жиі кездесетін әрқилы оқиғаларымен қызықтырады деген сенімде.
Категория: Казахстанское кино | Добавил: talgat
Просмотров: 2518 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.3/6
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar