Күйеу бала телехикая/куйеу бала телесериал
15.12.2015, 14.00
Желтоқсанның жиырма бірінші жұлдызында 31 арнада «Күйеу бала» атты жаңа тартымды үнді сериалының тұсаукесері өтеді. Бұл қарапайым қызықсыз хикаялардың қатарына жатпайды. Ғажайып Ундістанның әсерлі, мейірімге толы, қызықты оқиғалармен өрбіген хикаясы. Бұл телеикаяда казіргі Үндістанның әсемділігі, кедейлер мен байлардың өмірінің байланысы бейнеленген. Кедейлердің мекені және керемет аймақтар, қарапайым кедейлердің аса мейірімділігі және жөнсіз, ақылға сыймайтын байлардың тәкаппарлықтары.

Телехикаяның сюжеті бір-бірінен жасырып келген құпиялары бар ерлі-зайыптылар туралы. Көрікті Рошни өзінің бай және атақты анасының жалғыз мұрагері. Кішкентай кезінен молшылықта өсіп келе жатқанына қарамастан, Рошни өте мейірімді, адал жан болып өсті. Бірақ оның анасымен ара қатынасын жылы деп айту қиын.

Рошнидің ішкі жан дүниесі – өжет. Оны анасының дәулеті мүлде ерке-тотайлыққа үйретпеді, керісінше Рошни жағдайлары төмен кедейлердің қамын ойлап, барынша көмек көрсетуге тырысып, шылқыған байларды ұнатпайды. Бір күні Рошнидің өмірінде Сидхарт Синг Кхурана деген Үндістандағы ең дәулетті адамы пайда болады. Сидхарт Рошниді бір коргеннен жақсы көріп қалады, бірақ Рошнидің байларға деген көзқарасын біліп, Рошни оған қарамайтанынан қорқып, өтірік орташа жағдайлы азамат болып көрінеді. Көп ұзамай жастар үйленіп, отбасы құрып, Сидхарт күйеу бала ретінде жаңа үйге қоныстанады.

Тіпті үйленген соң, Сидхарт Рошниге шындықты айтуға дәті бармады. Рошни ештеңе сезбей, бақытты өмір сүреді. Алайда, күндердің күнінде Сидхарттың сыры ашылады. Сидхарт қашанға дейін құпиясын жасыра алады? Рошни күйеуінің өтірігін кешіре алады ма? Рошни өзінің көзқарастарын өзгертіп, бай әрі дәулетті адамның әйелі ретіндегі мәртебесіне көнеді ме?
Категория: Индийское | Добавил: admin2kazakh | Теги: телехикая/куйеу, бала, телесериал, Күйеу
Просмотров: 1996 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar