Мұздан суық, оттан ыстық / Муздан суык, оттан ыстык/
16.07.2014, 00.03
Басты кейіпкер Арнав Сингх Райзада - тасжүрек, ызақор, менменшіл дам. Ол өз мақсатына жету үшін бәрін бұзып-жаруға даяр. Кешіруді білмейтін, әріптестеріне безбүйрек жігіт өзі орнатқан заңға қарсы шыққандардың жанын алуға да бар. Дегенмен жігіттің көпшілік біле бермейтін тұстары да жоқ емес. Ол - сезімін білдіре алатын, адал, сүйікті қарындасы Анджали үшін жанындай жақсы көреді. Қарындасы ағасын еркелетіп Чоте атап кеткен. Әпкесінің бақыты үшін Чоте аспандағы айды алып беруге әзір. Осындай қарама-қайшылы қылықты Арнавтың нағыз кескін-келбеті, бет-бейнесі Кхушиді кездестіргенде толық ашылады. Кхуши Кумари Гупта сондай бір ашық-жарқын, баладай пәк, сонымен қатар ерекші ақылды келіншек. Ақкөңіл Кхушидің ақкөңілділігі мен өмірге деген құштарлығына таң қаласың. Оның кеудесінде соғып тұрған жүрегінің адалдығы соншалық, тіпті махаббаты үшін өзін құрбандыққа шалуға әзір. Екі кейіпкердің арасында ортақ қасиет табу қиын, "бұлар қалайша бас қоспақ?" деген сұрақ та туады. Жұп мінез-қылықтарындағы қайшылықтарына қарамастан бір-бірінсіз өмір сүре алмай жіпсіз байланады. Ғашықтар отау құра ала ма? Бір шаңырақтың астында берекелі отбасы бола ма?
Категория: Индийское | Добавил: admin2kazakh | Теги: Мұздан, суық, Суык, ыстык/, оттан, Муздан, ыстық
Просмотров: 6627 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 4.0/6
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar