Қыз ғұмыры/Кыз гумыры
01.06.2013, 06.22
Tина Датта
Tина Датта

1986 жылдың 27 қарашасында Калькуттада дүниеге келді, Индия. Актёрлық мансабы 5 жастан басталды, Болливудта белсене түсіп тұрады және теледидарлық шоу-жобаларына қатысады. «Uttaran» хикаясындағы Ичидің рөлін ойнап танымалы болды. «Choker Bali» (2003), «Parineeta» (2005), «Chirodini Tumi Je Amar» (2008), «Aahat» (2010) фильмдер мен хикаяларында ойнады.   

 
Нандиш Санду
Нандиш Санду

1981 жылдың 25 желтоқсанында Раджастанда дүниеге келді, Индия. Модель, актёр. «Uttaran» хикасындағы Вирудың және «Phir Subah Hogi» теленовелласындағы Адиттің рөлдерінен көрермендерге танымалы болды. «Kasturi» (2007), «Кhwaish» (2007), «Ssshhhh...Phir Koi Hai» (2008), «Hum Ladkiyan» (2008), «Uttaran» (2009-2012), «Jhansi Ki Rani» (2010), «Phir Subah Hogi» (2012-2013) фильмдеріне түсті. 

 
Рашми Десаи
Рашми Десаи

1986 жылдың тамызында дүниеге келді. Индия актрисасы. «Uttaran» хикаясындағы Тапасияның рөлінен танымалы болды. 2012 жылы осы хикаядағы серіктесі Нандиш Сандумен тұрмыс құрды. Түрлі теледидарлық шоу-жобаларына қатысып тұрады. «Raavan» (2006-2008), «Pari Hoon Main» (2008), «Meet Mila» (2008-2009), «Ssshhhh...Phir Koi Hai» (2008), «Haunted Nights» (2012) фильмдерінде ойнады. 

 
Категория: Индийское | Добавил: admin2kazakh | Теги: қыз, Индийское, ғұмыры/Кыз, гумыры
Просмотров: 207971 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.4/256
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar