Інкәрім-ай
01.04.2012, 18.35

Іңкәрім-ай

Бұл өмірде сен маған серік едің
Құрбан етіп антыңды беріп едің
Көңіліме көктемдей көрік едің
Іңкәрім-ай, Іңкәрім, Іңкәрім-ай

Қайырмасы:
Мені сағындың ба?
Жүрмін жалын мұңда
Іңкәрім-ай, Іңкәрім, Іңкәрім-ай

Бір өзіңді жанардың нұры деген
Азап шектім махаббат мұңыменен
Қиянатқа қидың ба шыныменен?
Іңкәрім-ай, Іңкәрім, Іңкәрім-ай

Бір сен үшін тағдырға табындым ба?
Жаудырдың ғой жүректі жалын мұңға
Сағындың ба сен мені, сағындың ба?
Іңкәрім-ай, Іңкәрім, Іңкәрім-ай

Қайырмасы:
Мені ойладың ба?
Тойың тойладың ба?
Іңкәрім-ай, Іңкәрім, Іңкәрім-ай
Категория: минусовка | Добавил: talgat | Теги: Інкәрім-ай, минусовка
Просмотров: 1233 | Загрузок: 33 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar