Сары жайлау. М.Мақатаев, Н.Тiлендиев
02.04.2012, 18.56

Жазира, жасыл кілем өрнектеген
Туған жерге, дариға, жер жетпеген!
Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем
Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем

Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым

Армысың, ата-қоныс, жасыл мекен!
Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем
Басқаның жерұйығын неғылайын
Жерұйығы өзімнің қасымда екен!

Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым

Жадырап, жұтайыншы тау самалын
Осы еді ғой сағынып аңсағаным
Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым
Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын

Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым

Жанымды жырға бөлеп таң атырған
Әкем едің ақ таңда жаратылған
Төліңнен айналайын жаңа туған!
Айналайын еліңнен дара тұрған!

Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым
Категория: минусовка | Добавил: talgat | Теги: әлемі., Ертегілер, Қалаубаева, минусовка, Ә.
Просмотров: 1766 | Загрузок: 24 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar