Толғанай.А.Жүнісбеков
01.04.2012, 19.02

Толғанай.

Айдай боп нұр берген күлкіңмен күн көргенімсің
Табиғат жіберген сұлуым – Толғанай
Жаныма нәр берген жүрекпен шын сүйгенімсің
Толықсып көрінген айымсың Толғанай

Қайырмасы:
Толғанай, Толғанай
Бақыт құс қонғаны-ай
Толғанай, Толғанай
Сен болсаң болғаны-ай
Жанымды арбады-ай
Сезімнің жанғаны-ай
Жанымсың, бағымсың
Аруым Толғанай

Қиылған қасың бар, керілген сен асылымсың
Өрілген шашың бар, аруым – Толғанай
Сезімім ашылған, берілген сен ғашығымсың
Көңілім тасыған өзіңмен Толғанай

Қайырмасы:
Тұп тұнық көзіңмен еркелеп сен баурағансың
Бақытқа қол жетпес баладым Толғанай
Ерекше сезіммен жүректі сен жаулағансың
Өмірлік теңім деп санадым Толғанай

Қайырмасы:
Категория: минусовка | Добавил: talgat | Теги: минусовка, Толғанай.А.Жүнісбеков
Просмотров: 1271 | Загрузок: 25 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar