Бакуган: Жанкешті жауынгерлер
29.09.2013, 11.29
Bakugan Battle Brawlers – TMS Entertainment және Japan Vistec студияларында режиссер Мицуо Хасимотоның басшылығымен шыққан аниме-хикая.
Жайма шуақ күндердің бірінде біздің ғаламшарға аспаннан құбыжықтардың суреті бар карталар жауады. Дэн Кузо мен оның достары оларды бір бумаға біріктіреді де стратегиялық ойын ойлап табады. Әр картада ойын үстінде шынайы бет-бейнесіне айналатын бакуган-құбыжықтары жасырылған және оларға тән іс-әрекеттер мен қосымша ұпайлары көрсетілген. Оларды барша адамдар «бакуган» деп атап кетеді.
Маска есімді құпия ойыншының пайда болғанынша бәрі бір қалыпта еді. Ол бакугандарды отаны Вестроядағы Өлім кеңістігіне жөнелтеді. Дэн бакуган ойынының жәй ғана ойын емес екендігін түсініп, бакугандармен ерекше байланысқа түседі. Наги мен Хелджи адам (Элистің атасы) бакугандарына бағынатын Маска ең мықты карталарды жинап Жер мен Вестрой ғаламшарларын билеп алуды мақсат етеді. Жанкешті бакугандар Дэн Кузо мен оның достары зұлымдыққа қарсы күресіп, Маска бастаған әскерге қарсы шығады. Алайда, жанкештілер арасынан сатқындар табылып, олардың он картасы Маскаға өздегінен бас иеді. Енді Масканы жақтайтындар жағы бакуган санынан ұтымдырақ болып, олардың санасына жеңіс ұшқыны ұялайды...

Режиссер: Мицуо Хасимото
Шығарған елдер: АҚШ, Жапония
Категория: Мультфильм | Добавил: talgat
Просмотров: 2918 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.5/6
Всего комментариев: 1
avatar
1 estauletovazamat • 19.38, 25.02.2023
Қалай көрсем болады
ComForm">
avatar