Сен келерсің телехикая / Сен келерсин телесериал
20.03.2014, 17.56
Зоя – Нью-Йоркте өмір сүрген мұсылман қыз. Америка мәдениетін бойына сіңіріп, өз пікірінен танбайтын, табанды болып өскен. Ол туған жеріне өткен өмірінің құпиясын ашып, әкесін іздеу үшін келеді. Мақсатына жету жолында Зоя туыстары таңдап тауып берген жігітке тұрмысқа шығудан бас тартады. Бірнеше күннен кейін Зоя ағайынды екі жігіттің үлкенінің көршісі атанады. Ал кішісі жұмбақ бойжеткенмен телефон арқылы танысып, ұзақ уақыт кездесе алмай жүреді. Нәтижесінде Зоя Асадты күнде көреді де, ал Аянмен («Робертпен») Мона болып тек қана телефон арқылы тілдеседі.

Асад пен Аянның туысқан екенін білмейтін Зоя кездейсоқ олардың әкесімен танысады да, оған бірінші әйелі –Асадтың анасымен татуласуға көмектескісі келеді. Әкесін тапқысы келетін бойжеткенді іздеудің соңы Рашидтің үйіне алып келіп, анасының өліміне себепші болған «қуыршақ фабрикасының» өртіне қатысты қылмысты ашуға көмектеседі. Рашид отбасымен бірге тұратын Разия Сидики қыздың нағыз әкесі өліп қалғанын, ол үшін Үндістанда қалудың керегі жоқ екенін айтып, Зояны елден кетуге көндіруге тырысып жүрсе, бір жағынан жеке өмірінде Танвир атты бейтаныс қыз оның бақталасына айналады.
Категория: Турецкие сериалы | Добавил: talgat | Теги: келерсің, Сен, келерсин, телесериал, Телехикая
Просмотров: 10018 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.5/14
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar