Несиеге махаббат
20.04.2012, 22.09 | |
2011 жылы қазақ киносының қоржыны тағы бір фильммен толықты. «Несиеге махаббат» атты жаңа кинокомедия жарыққа шықты. Бұл белгілі актер Сәбит Әбдіхалықовтың режиссер ретінде түсірген алғашқы тырнақалды туындысы. Қазіргі нарықтық заманда несиеге барлығын алуға болады. Тек уақытылы қарыз мөлшерін төлеп тұрса игі. Ал материалдық құндылықтармен қатар, несиеге махаббат алу мүмкін бе?! Бұл сұраққа жауапты фильмнің бас кейіпкері іздейді. Сүйікті жары болатын жанды табу мен қыздардың назарын аудару мақсатында ол анасы екеуі тұратын пәтерді кепілдікке қойып, қомақты көлемде несие алады. Қымбат автокөлік сатып алып, ойын-сауық кештерінде сымбатты қыздармен уақыт өткізеді. Қарызға алған ақшасы таусылып, қалтасы тесілген кезде, ол өз әрекетінің дұрыс емес екендігін түсінеді. Бақыт пен махаббатты ақшаға теңестірген ол жанындағы жанның ықыласын сезбейді. Қарыз уақыты аяқталар сәтте, бас кейіпкер өзінің әрекетіне көз жүгіртіп, ақылға тоқтап, қарызын қайтаруға әрекет жасайды. Осы кезде оған көмекке сырттай ғашық болып жүрген суретші қыз келеді. Фильм кейіпкерлері әдеттегі оқиғалардағы сияқты бақытты ғұмыр кешеді. | |
| |
Просмотров: 4331 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |