В категории материалов: 478
Показано материалов: 177-184
Страницы: « 1 2 ... 21 22 23 24 25 ... 59 60 »


«Ел арна» телеарнасында жаңа телехикая!

«Ұзақ жол» мелодрамасы бұл телеарнаның жаңа маусымда көрсететін тағы бір жобасы. 16 сериядан тұратын туынды бастан- аяқ шытырман оқиғаға толы.
Амантай мен Жанар туған ауылынан арман қуып қалаға келеді. Бірақ ауылға бауыр басқан олар қаланың қайнаған өміріне үйрене алмай түрлі жайтқа тап болады. Сөйтіп жүргенде бір-бірнен көз жазып, тағдыр олардың өмірін екіге айырады.Телехикаяның екінші бір желісі қос кәсіпкер Мәдина мен Мұсаның қайшылықтарға толы өмірі жайында өрбиді.
Фильмнің продюсерлері - Абай Қарпықов пен оның ұлы Әлмири. Шығармашылық топ жаңа телетоптама көрерменді өмірде жиі кездесетін әрқилы оқиғаларымен қызықтырады деген сенімде.
Казахстанское кино | Просмотров: 2519 | Загрузок: 0 | Добавил: talgat | Дата: 16.10.2013 | Комментарии (0)

Айтыс КІЛ ЖҮЙРІКТЕ КІМ ЖҮЙРІК
Казахстанское кино | Просмотров: 2716 | Загрузок: 0 | Добавил: admin2kazakh | Дата: 15.10.2013 | Комментарии (0)

Олимп шыңы телехикая 1 бөлім/Олимп шыны телесериал 1 серия
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12 серия/телехикая
Казахстанское кино | Просмотров: 15925 | Загрузок: 0 | Добавил: admin2kazakh | Дата: 15.10.2013 | Комментарии (0)

Бажалар
Жақында көрермендер назарына «Ел арна» телеарнасынан «Бажалар» атты жаңа телехикая ұсынылмақ. Туындының авторлары Ақылбек Досжанов пен Асқар Бисембин. Олар 2009 жылдан бері «Үй болу қиын», «Вузеры», «Айналайын» атты телехикаяларымен көпшілікке таныс.
Казахстанское кино | Просмотров: 1977 | Загрузок: 0 | Добавил: talgat | Дата: 15.10.2013 | Комментарии (0)

14 қазан күні «Қазақстан» телеарнасында көптен күткен «Олимп шыңы» телехикаясының тұсауы кесілмек.
Казахстанское кино | Просмотров: 3249 | Загрузок: 0 | Добавил: admin2kazakh | Дата: 14.10.2013 | Комментарии (0)

Алғаш рет Голландияның «RTL4» телеарнасында «The Voice of Holland» деген атпен жарыққа шыққан шетелдік жобаның «Қазақстан дауысы» деген атаумен Ұлттық арнада тұсауы кесілетін күн жақын.

Бұл жобаның өзіндік ерекшеліктері мен қазақи реңі бар. Мұнда ұлттық әндермен қатар, шетелдік танымал әуендер шырқалады. Қазақ дауысын әлемге танытатын үміткер кез-келген шетелдік өнер додасына сайысқа түсуге қабілетті екенін көрсетуі қажет.

«Қазақстан дауысы» сымбатты, мың бұралған биші, көрікті үміткерді емес, таза дауыс пен табиғи үн іздейді. Мегажобаның негізгі ерекшелігі - осы.

Жоба тәлімгерлері ретінде еліміздің танымал әншілері Нұрлан Албан, Медеу Арынбаев, Мәдина Сәдуақасова және Алмас Кішкенбаев таңдап алынды. Егер жоба барысында қатысушы лайықты өнер көрсете алмаса, үміткерді байқаудан шеттете алады.

йек, сағат 21.35-те – Ұлттық арнада!
Казахстанское кино | Просмотров: 4400 | Загрузок: 0 | Добавил: talgat | Дата: 29.09.2013 | Комментарии (0)

Телехикаяның мағынасы - «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар, қалан» деген жолдарға келеді. Бұл ой кафенің астында қазына жасырылған деген метафорадан көрініс тапқан. Яғни әр адам қазынаны шеттен емес, өз ішінен іздеу керек, өзіңнен қашудың қажеті жоқ.
Арлен атты жас жігіт өзін грантқа ілінгендердің тізімінен көруге асығып, университетке қарай алып ұшады. Оның коммерциялық бөлімге түсуге ақшасы жоқ әрі үлкен қалада қамқор болар туыстары да болмайды. Жасына сай қиялшыл Арленнің қаржыгер мамандағына есі ауғаны қашан, тіпті білікті қаржыгер кейпінде болашағына да көз жүгіртіп үлгереді.
Бірақ тағдыр бозбаланың арманының астаң-кестеңін шығарады. Тиісті балды жинай алмаған ол курстастары мінген алып кемеден қалып қойғандай күй кешеді. Енді Арлен еріксіз дәмхана әлеміне тап болады. Кафеге жұмысқа орналасып, ыдыс тасып, азық-түлік тиейді. Ашық мінезді ширақ жігіт ұжымның өміріне етене араласып, сіңісіп кетеді. Уақыт өте келе ол өзі үшін өзгелердің тағдырының есігін ашады...
Казахстанское кино | Просмотров: 4402 | Загрузок: 0 | Добавил: talgat | Дата: 29.09.2013 | Комментарии (0)

Қазақстандық "Трактористің махаббаты" ("Любовь тракториста") сериалы телеэфирге дайындалуда. Отандық жоба "Ел арна" телеарнасынан қыркүйек айында көрсетіледі деп жоспарланып отыр.
Телехикая Қазақстанның кино және эстрада жұлдыздарының басын қосып отыр. Басты рөлдерде Берік Айтжанов, "Кешью" тобының әншісі - Кәмшат Жолдыбаева, Димаш Ақымов, Гүлжан Қалыбаева ойнайды.
Сюжетте Белла есімді ауқатты, тәкаппар арудың жол апатына түсіп, есінен танып, кенеттен ауылда оянады. Ауыл өмірін көрмеген қыздың қызықты оқиғалары баяндалады.
Казахстанское кино | Просмотров: 5306 | Загрузок: 0 | Добавил: talgat | Дата: 29.09.2013 | Комментарии (0)